Артур Ластаев: Отбасы саясаты әр адамның құқықтарын қорғауға негізделуі тиіс

    Артур Ластаев: Отбасы саясаты әр адамның құқықтарын қорғауға негізделуі тиіс

    2026 жылғы 29 шілдеде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Отбасы саясаты мен гендерлік теңдіктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

    Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотымен бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

    Артур Ластаев өз сөзінде: «Мемлекеттік отбасы саясаты отбасыны әлеуметтік институт ретінде қорғау мүддесінен ғана емес, ең алдымен нақты адамның құқықтарын қорғау қажеттілігінен туындауы тиіс. Дәл осы себепті Конституцияның 30-бабында неке туралы ережелер нақтыланған. Бұл – тек мемлекет тарапынан тіркелетін ерікті одақ. Ондағы ерлер мен әйелдер тең құқықтарға ие. Отбасы тек еріктілікке, тең құқықтылыққа, өзара құрметке, ата-аналардың ортақ жауапкершілігіне және баланың сөзсіз қауіпсіздігіне негізделген жағдайда ғана берік бола алады», – деп атап өтті.

    Дөңгелек үстел аясында отбасыны қорғаудың конституциялық кепілдіктері, Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары, сондай-ақ отбасы саясаты саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары