
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында иммигранттарға жеке тұлғалардың қарамағында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру, ұзарту және оның күшін жою рәсімдері тек электрондық форматта жүргізіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) немесе Жұмыспен қамту бөліміне жеке келудің қажеті жоқ.
Еңбек қызметін 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге заңды түрде жүзеге асыруға өтінімдіeGov.kzнемесеmigration.enbek.kzпорталдары арқылы жолдауға болады.
📋Мемлекеттік қызметті алудың қадамдық алгоритмі:
1-қадам: Дайындық кезеңі
Еңбекші мігрант Қазақстан Республикасында ЖСН (ИИН) алуы және өз телефон нөмірін Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеуі қажет. Болашақ жұмыс берушімен (жеке тұлғамен) еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім рәсімделеді.
2-қадам: Электрондық өтінім беру
eGov.kz немесе migration.enbek.kz порталында авторизациялау ЭЦҚ, QR-код немесе SMS-пароль көмегімен жүзеге асырылады. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» бөлімі ➡️ «Өтініш беру» қызметін таңдау ➡️ жұмысқа алушы мен қызметкердің сауалнамалық мәліметтерін толтыру.
3-қадам: Жүйелерді автоматты түрде тексеру
Құжаттарды қағаз жүзінде ұсыну толықтай жойылды. Медициналық анықтамалар, міндетті сақтандыру полисі және салық төлемдерінің түбіртектері сабақтас мемлекеттік органдардың дерекқорларынан автоматты түрде біріктіріледі.
4-қадам: Шешім шығару және нәтижені алу
Өтініш жергілікті атқарушы органның қарауына түседі. Бірегей нөмірі бар электрондық рұқсат регламентте белгіленген мерзімде пайдаланушының Жеке кабинетіне жолданады.
⚠️Маңызды ескерту:
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу, соның ішінде еңбек қызметін қолданыстағы рұқсатсыз жүзеге асыру ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.








