Германиядан келген қонақтар Абай облысының полиция қызметкеріне алғыс білдірді

    ·
    Германиядан келген қонақтар Абай облысының полиция қызметкеріне алғыс білдірді

    Абай облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына Қазақстанға демалуға келген шетел азаматтарынан алғыс хат келіп түсті.

    Алғыс хаттың авторлары – Камбышевтер, Сапарғалиевтер және Измайловтар отбасылары. Олар Абай облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Даурен Әлімбаевқа жоғалған ұялы телефонды іздестіруге және оны заңды иесіне қайтаруға көрсеткен көмегі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

    Өтініш иелерінің айтуынша, полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, жоғары жауапкершілігі және жедел әрекет етуінің нәтижесінде жоғалған ұялы телефон қысқа мерзімде табылып, иесіне қайтарылған.

    Алғыс хатта:

    «Сіздердің жеделдіктеріңіз, адалдықтарыңыз және адамгершілік қасиеттеріңіздің арқасында жоғалған телефонымыз табылып, өзімізге қайтарылды. Бұл әрекет сіздердің қызметтеріңізге ғана емес, тұтастай Қазақстанға деген құрметімізді арттырды. Шетелдік қонақтар үшін бұл елімізде әрдайым көмек көрсетуге дайын, адал әрі жанашыр адамдар қызмет ететінінің жарқын көрінісі болды», – деп жазылған.

    Алғыс хат авторлары полиция қызметкеріне зор денсаулық, амандық, қызметіне толағай табыс тілеп, өз ісіне адалдығы мен жоғары кәсібилігі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары