
Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Еркіндік Рухы» жастар құқығы жөніндегі комиссиясының қатысушысымен, Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен және Ұлттық превентивтік тетік (ҰПТ) қатысушыларымен бірлесіп Жастар сарайына барды.
Сапар барысында қатысушылар көрсетілетін қызметтердің шарттарымен, мекеменің қызметімен, сондай-ақ жастардың жан-жақты дамуы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу барысында жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жастардың негізгі құқықтары, оларды іске асыру тетіктері, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау үшін қайда және қалай жүгінуге болатыны туралы ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.









