Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау — Қазақстанның ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі

    Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау — Қазақстанның ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1337 Жарлығымен мемлекеттің және қоғамның дамуының өзекті басымдықтарын айқындайтын Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді.

    Қазіргі ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі — адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сақтау және қорғау. Бұл бағытта «Заң және Тәртіп» қағидатының маңызы ерекше. Аталған қағидат заңның үстемдігін нығайтуға, барлық азаматтардың заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге, заңдылық деңгейін арттыруға және адам құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

    Сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да маңызды рөл атқарады. Ол мемлекеттік органдар мен халық арасындағы тұрақты әрі ашық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуге, өздерін толғандыратын өзекті мәселелер бойынша жауап алуға, өз пікірін білдіруге, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар шешімдерді талқылауға қатысуға мүмкіндігі бар.

    Азаматтардың саяси құқықтарын жүзеге асыруда «Түрлі пікір — біртұтас ұлт» қағидатының да маңызы зор. Оның мәні қоғамдағы көзқарастардың алуан түрлілігін мойындаудан, әртүрлі пікірлерге құрметпен қараудан және азаматтардың ұстанымдарын ескеруден көрінеді. Азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуы сайлау, референдум, қоғамдық талқылаулар және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.

    Азаматтық қоғам институттарын нығайтуға және қоғамдық диалогты дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және азаматтық қоғамның басқа да институттарымен ынтымақтастығы мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және азаматтардың қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

    Осылайша, Қазақстанның қазіргі ішкі саясаты құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға және конституциялық құқықтар мен бостандықтарды толыққанды жүзеге асыру мен қорғау үшін қажетті жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.

    Әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу, заң үстемдігін сақтау, ашық қоғамдық диалог және азаматтардың белсенді қатысуы — әділетті, тұрақты әрі орнықты Қазақстанды қалыптастырудың маңызды негіздері болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары