
Өкілдік Алматы қаласы Білім басқармасының «Жанұя» мамандандырылған кешені» КММ қызметіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, олардың білім алуы мен тұру жағдайлары, тамақтануды ұйымдастыру, медициналық сүйемелдеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері зерделенді.
Мониторинг қорытындысы бойынша мекеме басшылығына анықталған мәселелер жеткізіліп, балалардың құқықтарын қорғауға және олардың болу жағдайларын жақсартуға бағытталған ұсынымдар берілді.






