«Адам саудасы – ауыр қылмыс»: ШҚО-да адам саудасының алдын алуға бағытталған іс-шаралар өтуде

    ·
    «Адам саудасы – ауыр қылмыс»: ШҚО-да адам саудасының алдын алуға бағытталған іс-шаралар өтуде

    «Адам саудасы – ауыр қылмыс»: ШҚО-да адам саудасының алдын алуға бағытталған іс-шаралар өтуде

    24–30 шілде аралығында Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс» республикалық акциясы өтуде. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын 30 шілдеде аталып өтетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған.

    Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өскемен-1 станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің және Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарымен бірлесіп профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізуде.

    Кездесулер барысында тұрғындарға адамдарды түрлі жолдармен қанауға тарту тәсілдері, жұмысқа орналасу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және шетелге шығу кезінде сақталуы тиіс талаптар түсіндіріледі. Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам саудасына қатысты қылмыстарға қоғамда мүлдем төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

    Адам саудасы – адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзатын аса ауыр қылмыстардың бірі. Егер сізге адамдарды қанау, мәжбүрлі еңбекке тарту немесе адам саудасына қатысты өзге де фактілер белгілі болса, бұл туралы 102 арнасы арқылы полицияға дереу хабарлаңыз.

    Адам саудасына қарсы тиімді күрес – мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана әрбір адамның құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға болады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары