ШҚО-да сот-медициналық сараптаманың өзекті мәселелері талқыланды

    1 / 5

    ШҚО-да сот-медициналық сараптаманың өзекті мәселелері талқыланды

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжановтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті.

    Жиынға облыстық прокуратураның, ШҚО бойынша Сот сараптамалары институтының және Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Кездесуде медициналық куәліктерді рәсімдеу және беру тәртібінің сақталуы, соның ішінде сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулылардың күші жойылған жағдайлардағы мәселелер қаралды.

    Қатысушылар тәжірибе барысында туындайтын мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдары бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және осындай жағдайларды қарауда ортақ ұстаным қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша белгіленген рәсімдердің сақталуын және заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары