Талдықорғандық 24 батыр анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

    ·
    Талдықорғандық 24 батыр анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

    Талдықорғандық 24 батыр анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

    Бүгін Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналарды ұлықтауға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

    Іс-шара барысында қала әкімі Ернат Бәзіл көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстап, олардың отбасы мен қоғам алдындағы ерен еңбегіне ерекше құрмет көрсетті.

    Марапатқа барлығы 24 көпбалалы ана ие болды. Оның ішінде 6 анаға «Алтын алқа», 18 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.

    Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген қала әкімі ананың қоғамдағы орны мен отбасы институтын нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

    - Ана шаңырақтың шуағы, ұрпақтың тәрбиешісі, қоғамның алтын діңгегі. Сіздердің төзім мен мейірімге толы еңбектеріңіздің арқасында еліміздің ертеңі кемелденіп келеді. Мемлекеттік марапат – сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізге көрсетілген лайықты құрмет, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

    Марапат иелерінің атынан сөз сөйлеген жеті баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айнұр Нысанбаева бұл күннің өз отбасы үшін ерекше қуаныш екенін айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын білдірді.

    - Әр ана үшін баласының амандығы мен бақыты ең үлкен байлық. Бүгінгі марапат аналардың еңбегіне берілген жоғары баға. Осындай құрмет көрсетіп, көпбалалы отбасыларды қолдап отырған мемлекетімізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді ол.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары