Ернат Бәзіл сайлау учаскелерінің алдағы сайлауға дайындығын тексерді

    1 / 11

    Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, олардың мәслихат депутаттарын сайлауға дайындығымен танысты.

    Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтаевтың мәліметінше, қаладағы барлық сайлау учаскесі дауыс беру күніне толық дайын. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, мүгедектігі бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған.

    Қала әкімі учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен кездесіп, сайлау науқанын ұйымдастыру барысында заң талаптарының қатаң сақталуын және сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалуын тапсырды.

    – Әрбір азаматтың сайлау құқығының сақталуы және өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік берілуі маңызды. Сондықтан дауыс беру учаскелерінде тәртіп пен заң талаптарының орындалуына ерекше мән беру қажет, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

    Айта кетейік, Талдықорған қаласында 18 сайлау округі бойынша 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы саны – 136 762. Олардың қатарында биыл 18 жасқа толған 2 952 жас сайлаушы бар. Оның ішінде 10 азамат дәл сайлау күні, яғни 29 қарашада 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс бермек.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары