Облыс орталығы Талдықорған қаласында соңғы жылдары құрылыс қарқыны артып, жаңа шағын аудандар қалыптасып, сәні мен сәулеті үйлескен әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеруде.
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Алдымен қала әкімі «Оңтүстік-Батыс» ауданын жылумен қамтамасыз етуге арналған жаңа қазандыққа барды. Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру және ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан соң қала басшысы «Құлагер» шағын ауданындағы №26 үйдің ішкі әрлеу және өзге де құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Сондай-ақ «Ынтымақ» тұрғын үй алабында бой көтеріп жатқан жалпы саны 200 пәтерді құрайтын бес қабатты бес тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда ішкі әрлеу және аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар қала әкімі «Креативті орталық» ғимаратына барды. Бүгінде нысанды қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталған. Ғимараттың іргелес аумағында ағаш көшеттері отырғызылып, көгал төселген. Қазіргі уақытта аумақты тазарту, сондай-ақ ғимарат ішіне қажетті жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру жұмыстары қалған.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтық құрылыс» аясында салынатын әрбір нысан мен ғимарат ел игілігіне қызмет етуі тиіс екенін атап өткен болатын.
Осы бағытта облыс орталығы Талдықорған қаласында келер жылы да бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және қала аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын таппақ. Бұл өз кезегінде қаланың сәулеттік келбетін ажарландырып, тұрғындардың
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








