Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы өзекті мәселелер.

    Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы өзекті мәселелер.
    1. Бүгінгі күннің басты өзекті мәселелердің бірі - Шымкент қаласының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу субъектілері тарапынан халыққа дәрігердің рецепті негізінде өткізілетін дәрілік заттарды рецептісіз босату фактілері жиі кездесуде. ҚР ДСМ 02.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарымен бекітілген үлгілерге сәйкес дұрыс жазылған рецепт ұсынылған жағдайда дәрілік заттарды босату қажет екендігі баршаңызға мәлім, сонымен қоса, дәріханаларда дәрігердің рецепті негізінде өткізілетін дәрілік заттарды рецептісіз босату ҚР ДСМ 17.09.2020 жылғы №ҚР ДСМ-104/2020 « Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын бұзу болып табылады және бұл заңбұзушылық үшін ҚР 05.07.2014 жылғы №235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚтК) 426-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

    Департамент медициналық және фармацевтикалық ұйымдар тарапынан қызметтерін атқару барысында ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларының талаптарын орындау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

    Жоғарыда айтылып кеткен заңсыз медициналық қызметпен айналысқан жағдайда ҚР 05.07.2014 жылғы № 235-VҚРЗ «Әкімшілік заңбұзушылық туралы» (бұдан әрі - ҚР ӘҚтК) Кодексінің 424-бабының 1-бөлігімен келесі келесі мөлшерде әкімшілік жауапкершілік көзделген: - « Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы –жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

    1. Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттардың шынайылығы бойынша ақпаратқа қолжетімділік беретін, сондай-ақ өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз ететін, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

    ҚР дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері ҚР ДСМ 27.01.2021 жылғы №ҚР ДСМ-11 «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде қабылдау актілерін уақытылы қабылдау және айналымнан шығару қажет.

    1. Департамент тарапынан « дәріханалық нашақорлықтың » дамуын болдырмау мақсатында Шымкент қаласының Полиция депаратаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп біржылдық жоспар құрылған. Аталған жоспарға сәйкес келесі іс-шаралар орындалуда:

    - Шымкент қаласының фармацевтикалық қызмет субъектілері арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, күшті әсер ететін препараттарды рецептсіз сатқаны үшін қауіптер мен жауапкершілік туралы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру;

    - есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар және күшті әсер ететін препараттарды заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыстарын жүргізу;

    - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау;

    Дәрігердің рецептімен босатылатын психотроптық заттарды тағайындаусыз қабылдап, құмарлыққа шалдығу сұрақтары Департамент тарапынан 29.10.2015 жылғы № 375-V ҚРЗ «Кәсіпкерлік Кодексіне» сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері негізінде ұйымдастырылатын жоспардан тыс тексеру немесе Шымкент қаласының Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жолданған тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР ӘҚтК 426 бабының 1 - бөлігімен және 426 бабының 3 – бөлігімен көзделген дәрілік заттарды өткізу қағидаларын бұзу фактісі негізінде айыппұл салуға алып келеді.

    1. ҚР ДСМ 23.12.2020 жылғы №ҚР ДСМ-320/2020 «Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес талаптардың қатаң түрде сақталуын қадағалау қажет. Сонымен қатар, №ҚР ДСМ-320/2020 Бұйрықтың2 – тарау, 1 – параграфтың, 4,7 – тармақтарына сәйкес: - «Дәрілік препаратты, соның ішінде вакциналарды қолданудың жағымсыз салдарлары туралы мәліметті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау субьектілері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер, сондай-ақ дәрілік заттардың тіркеу куәлігін ұстаушылар дәрілік препараттың жағымсыз әсерлері туралы жеке хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) түрінде ұсынады »; ҚР аумағында анықталған жағдайларда хабарламаны ұсыну мерзімдері: «Елеулі жағымсыз реакциялар – жағдай басталған кезден бастап 48 сағат ішінде (медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдары үшін) »: - делінген талаптарын сақтау қажет және назарға алу қажет.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» №ҚР ДСМ-15 бұйрығының 5 Қосымшасының 1-тармағына сәйкес, тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (әрі қарай– GPP Стандарты) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерімен көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, GРP Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасы халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. GРP Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.
    2. Шымкент қаласының бөлшек сауда саласындағы фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілеріне тиісті дәріханалық практика талаптарына сәйкестігі туралы сертификаты табысталды.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары