
Шахтер ауылдық кітапханасында көрнекті қазақстандық ғалым, селекционер, биология ғылымдарының докторы Кәрім Мыңбаевқа арналған «Ұлт мақтанышы: Кәрім Мыңбаевтың өмірі мен еңбегі» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға ауылдың жас буын өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ғалымның өмірбаянымен, ғылыми қызметімен, Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына қосқан зор үлесімен танысты. Сонымен қатар, оның отандық селекция мен генетика ғылымының қалыптасуындағы маңызды рөлі туралы мағлұмат алды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезім мен Қазақстанның көрнекті тұлғаларына деген құрметті қалыптастыру, Кәрім Мыңбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау, отандық ғылым тарихы туралы білімдерін кеңейту және зерттеушілік қызметке қызығушылықтарын арттыру.









