«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО-дан дайын құжаттарды жеткізу қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейтуде. Алдағы айда оған жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген қызметтер кіреді. Бұл өтініш берушілерге Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта бармай-ақ дайын құжаттарды алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда дайын құжаттарды жеткізуге 15 мемлекеттік қызмет бойынша тапсырыс беруге болады. Олардың ішінде - мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру және ресми құжаттарға апостиль қою.
Естеріңізге сала кетейік, құжаттарды жеткізуді қызметті рәсімдеу кезінде ресімдеуге болады. Сервис ақылы. Республикалық маңызы бар қалаларда - Астана, Алматы және Шымкентте - құны 2061 теңге, қалған өңірлерде - 1036 теңге.
Құжат дайын болғаннан кейін қызмет алушының нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды бар SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында оны құжаттарды алған сәтте тікелей курьерге хабарлау қажет. Код дайын құжаттың өтініш берушіге жеке тапсырылғанын растау үшін қолданылады. Қосымша жеке куәлікті көрсету қажет.
Айта кетейік, мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтерді алу процесін неғұрлым ыңғайлы ететін және азаматтардың қажеттіліктеріне жауап беретін шешімдерді жасауға ұмтылады.
мемлекеттік корпорациясы ХҚО-дан дайын құжаттарды жеткізу қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейтуде.
Ұқсас материалдар

Ақтөбеде жастарға арналған «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы өтті
Ашу
Алматыда жаңа ведомствоның жұмысы мен алдағы жоспарлары таныстырылды
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионы мәртебесінде елге оралды
ҚР ТСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ БАЛУАНДАР КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) бағдарламасы: 2 тамыз
ҚР ТСМАшу
"" жаңалықтары
ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда, тіпті үйіңізде де мемлекеттік қызметтерді басым тәртіппен алуға көмектесетін жеке менеджер бар екенін білесіз бе?
Ашу«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
АшуІІМ ата-аналарға маңызды үндеу жасады Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырады.
АшуБүгін VIN-код дегеніміз не, оның не үшін қажет екені және оны қайдан табуға болатыны туралы айтып береміз.
АшуАстана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ашу