Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Шымкент қаласының әкімдігінің бастамасымен және Шымкент қаласының полиция департаментінің ұйымдастыруымен қала аумағында «Есірткісіз қала» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында Департамент қызметкерлері тарапынан қала тұрғындарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу және оларды қолданудың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









