Ширек ғасыр - абыройлы қызмет

    ·
    Ширек ғасыр - абыройлы қызмет

    Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №4 өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау прапорщигі, өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі - Закир Хасанұлы Хадыходжаевты құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.

    Закир Хасанұлы азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2000 жылғы 28 желтоқсанда бастап, 26 жыл таңдаған мамандығы мен бөліміне адал қызмет етті. Қызмет жылдарында ірі өрттер мен төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына бірнеше рет қатысып, жоғары кәсібилігімен, батылдығымен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленді.

    Мінсіз қызметі үшін ведомстволық медаль және басшылықтың алғысхаттарымен марапатталған. Бөлім ұжымы Закир Хасанұлына ұзақ жылғы адал еңбегі мен өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

    Өрт сөндірушілердің игі дәстүріне сай әріптесін құрметті зейнет демалысына шығарып салып, ақ тілектерін арнады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары