ШҚО делегациясы Астанадағы «Creative Aimaq» креативті индустрия көрмесіне қатысады

    ШҚО делегациясы Астанадағы «Creative Aimaq» креативті индустрия көрмесіне қатысады

    25–26 шілде күндері АстанадаCreative Aimaqкреативті индустриялар көрмесі өтеді. Онда Шығыс Қазақстан облысы өзінің үздік шығармашылық жобаларын, жергілікті брендтерін, қолөнерін, мәдениеті мен туристік әлеуетін таныстырады.

    Шығыс Қазақстан облысы делегациясының бағдарламасында: театрландырылған қойылым; Шығыс Қазақстанның үздік өнерпаздарының концерттік бағдарламалары; қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі; балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтар; интерактивті VR-аймақтар; Шығыс Қазақстан облысының көркем туристік аймақтарының біріне екі адамға арналған туристік жолдаманың ұтыс ойыны.

    Өткізу күні мен орны: 25–26 шілде, Астана қ., Жошы хан көшесі, 16/2 QAZAQ CREATIVE HUB.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары