Астанада жасөспірімдердің қауіпсіздігіне арналған рейд өтті

    Астанада жасөспірімдердің қауіпсіздігіне арналған рейд өтті

    Елорданың Нұра ауданында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді тексеріс шаралары өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Басты мақсат – түнде заңды қамқоршыларының сүйемелдеуінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Айта кетейік, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен тәрбиені, қоғамдық тыныштықты сақтауға байланысты жүргізіліп тұрады.

    «Заңды талаптарды сақтау – әркімнің міндеті. Мұндай рейдтер бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және қоғамдық кеңістіктерге құрмет көрсету мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Салавди Арықбеков.

    #законипорядок #заңментәртіп

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары