Волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатындағы тарихи қола: Қазақстан параспортта нәтиже көрсетіп келеді

    Волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатындағы тарихи қола: Қазақстан параспортта нәтиже көрсетіп келеді

    Қытайдың Ханчжоу қаласында 10–17 шілде аралығында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға ерлер арасында 16 ұлттық құрама қатысты.

    Қазақстан құрамасы С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен сынға түсіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтау арқылы плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
    Нәтижесінде 1/8 финалда отандастарымыз Польша құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын да 3:0 есебімен ұтты.

    Ал жартылай финалда қазақстандық команда әлемнің ең мықты командаларының бірі – Ираннан 0:3 есебімен жеңілді.

    Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары