Қазақстанда гид, экскурсия жүргізушісі немесе туризм нұсқаушысы ретінде қызмет бастағаныңыз туралы хабарламаны үйден шықпай-ақ онлайн жолдауға болады.
Ол үшін eLicense.kz порталына кірсеңіз жеткілікті.
Қалай рәсімдеу керегін қадам-қадамымен түсіндіреміз.
🔹Бірінші қадам. eLicense.kz сайтына кіріп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркеліңіз немесе жеке кабинетіңізге кіріңіз.
🔹Екінші қадам. «Мәдениет, туризм және спорт» бөлімін ашып, «Хабарлау тәртібі» санатын таңдаңыз.
🔹Үшінші қадам. тізімнен Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсия жүргізушісі, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беру қызметін табыңыз.
🔹Төртінші қадам. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтырыңыз. Енгізілген ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз.
🔹Бесінші қадам. Хабарламаға электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен қол қойыңыз.
Осылайша, хабарлама беру рәсімі аяқталады.
Жолданған хабарламаларды eLicense.kz порталындағы жеке кабинетіңіздің «Менің хабарламаларым» бөлімінен қарап, тексере аласыз.
Аталған қызмет тегін көрсетіледі және толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады.
Қызметіңізді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу үшін eLicense.kz порталын пайдаланыңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








