Құқық қолдану практикасын жетілдіру шеңберінде облыс прокуратурасында 2025 жыл және 2026 жылдың өткен кезеңі үшін қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген эпизодтары бойынша адамдарды ақтауға байланысты мәселелер бойынша басқарманың отырысы өтті

    Отырыс барысында сот практикасын талдау нәтижелері қаралып, ішінара ақтау үкімдерін шығару себептері талқыланды.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру, дәлелдемелерді жинау мен бағалаудың толықтығын қамтамасыз ету, қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ сотта мемлекеттік айыптауды тиімді қолдау мәселелеріне назар аударды.

    Отырыстың қорытындылары бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға, қылмыстық істерді тергеп-тексеру сапасын арттыруға және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде заңдылықты нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені әзірленді.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары