Рудный әкімі ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

    Рудный әкімі ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

    🔹Бүгін Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Сейдахмет Нұрқанұлы Исмағұлов пен 100 жастағы тыл еңбеккері Евдокия Ивановна Костенконы Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
    Қала басшысы ардагерлерге қайсарлығы мен ерлігі, көп жылғы қажырлы еңбегі және келер ұрпақтың бейбіт болашағына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
    Виктор Ионенко ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Рудный қаласының әкімдігі" жаңалықтары