
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығыменәділеткеңесшісі Мақсат Аманәліұлы Аманәлі Солтүстік Қазақстан облысы Уалиханов ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Мақсат АманәліұлыАманәлі еңбек жолын 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Шардара, Мақтаарал аудандары прокуратураларының прокуроры, аға прокуроры, Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, Түркістан облысы Жетысай ауданы прокурорының орынбасары болыпқызмет атқарған.
2024 жылғы қаңтардан бастап Түркістан облысыныңмамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары.
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 13 жылдан астам.
Отбасылы, 6 бала тәрбиелеп отыр.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі ведомстволық медалімен және «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.








