Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қала студенттерімен «Келісім аумағы» акция-челленджін өткізді

    Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қала студенттерімен «Келісім аумағы» акция-челленджін өткізді

    Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Ішкі саясат басқармасымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Петропавл қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен «Келісім аумағы» акция-челленджін өткізді.

    Іс-шараға 100-ден астам білім алушы қатысты. Жастарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, этносаралық қатынастар, діни сауаттылық, толеранттылық және қоғамдық келісім мәселелері талқыланды.

    Акцияның негізгі мақсаты – этносаралық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, түрлі этнос өкілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыру және ұлтаралық келісімді нығайту.

    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері белсенді қатысты, олар жастармен өзара құрметті, бірлікті және мәдени әралуандықты сақтау тәжірибесімен бөлісті.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары