Ауылдағы Заң мен Тәртіп - қауіпсіздік пен жауапкершілік!

    Ауылдағы Заң мен Тәртіп - қауіпсіздік пен жауапкершілік!

    «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының қағидатын іске асыру мақсатында Мағжан Жұмабаев, Қызылжар және Аққайың аудандарының прокуратураларымен «Ауылдағы Заң мен Тәртіп – қауіпсіздік пен жауапкершілік» акциясы өткізілді!

    Ауылдағы Заң мен Тәртіп – қауіпсіздік пен жауапкершіліктің, еңбектің және дамудың кепілі болып табылады. Акция ауыл шаруашылығы құрылымдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

    Акция аудан прокуратуралары органдары басшыларының қатысуымен, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Басшылар мен қызметкерлердің жалпы қамтылуы 100 астам адамды құрады.

    Акцияның негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы құрылымдарында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалар мен апаттардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық және өндірістік тәртіп деңгейін арттыру болды.

    Кездесулер барысында қызметкерлер мен жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді. Еңбекақыны уақтылы төлеу, еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Акцияны өткізу қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өндірістік тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ еңбек қатынастары және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша қосымша шараларды әзірлеуге ықпал етті.

    Солтүстік – Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары