
Халықаралық қарттар күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жеке құрамы прокуратура органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған ардагерлерді мерекемен құттықтады.
Іс-шара барысында ардагерлерге зор құрмет көрсетіліп, олардың прокуратура органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі атап өтілді.
Ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, бақ-береке және әр күнге қуаныш тілектері білдірілді.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұжымы ардагерлерді әрдайым құрметтеп, олардың өнегелі жолын кейінгі буынға үлгі етеді.
Аға буынға құрмет – ұрпаққа тағылым!
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.









