Кеніш аумағындағы бақылау

    Кеніш аумағындағы бақылау

    Қызылорда облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары «РУ-6» ЖШС-нің «Оңтүстік Қарамұрын» және «Солтүстік Қарамұрын» кеніштерінде жоспарлы тексеру жүргізді.

    Бақылау шаралары барысында өнімді ерітінділерді өңдеу цехы, химиялық заттар (күкірт қышқылы, аммиак селитрасы және аммиак суы) сақталатын қоймалар, сорғы станциялары, сондай-ақ УГП-1 және УГП-2 геотехнологиялық аймақтары секілді қауіпті өндірістік нысандар түгелдей қаралды. Тексеріс қорытындысында бірқатар заңбұзушылық анықталып, кәсіпорын өкілдеріне кемшіліктерді жою және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша нұсқама берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары