Алакөлде жоғалған сөмке жасанды интеллект көмегімен табылды

    Алакөлде жоғалған сөмке жасанды интеллект көмегімен табылды

    Алакөл жағалауында демалып жүрген әйел жоғалған қол сөмкесін жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жабдықталған бейнебақылау жүйесінің көмегімен қайтарып алды.

    9 шілде күні сағат 15:00 шамасында 35 жастағы демалушы полиция қызметкерлеріне жүгініп, қол сөмкесін жоғалтып алғанын хабарлаған.

    Мақаншы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден іздестіру жұмыстарын бастады. Заманауи бейнебақылау жүйесі арқылы полицейлер әйелдің қозғалыс бағытын бақылап, сөмкенің жағалауда қалып қойғанын анықтады.

    Нәтижесінде жоғалған сөмке қысқа уақыт ішінде табылып, ішіндегі жеке құжаттары мен бағалы заттары түгел күйінде иесіне қайтарылды.

    Әйел полиция қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби көмегі үшін алғысын білдірді.

    Полиция Алакөл жағалауында демалушыларды жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Төтенше жағдай немесе құқық бұзушылық орын алған жағдайда 102 арнасына хабарласу қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары