
Семей қаласында "Таза Қазақстан" аясында аумақты абаттандыру қағидаларының сақталуына жүргізілген бақылау барысында Жұмабаева көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде талаптардың бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда, құрылыс материалдары қоршау аумағынан тыс жерге орналастырылып, соның салдарынан іргелес аумақтарға қоқыс шашылып, санитарлық және абаттандыру талаптарының сақталуына кері әсер еткен.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан 43 жастағы қала тұрғын анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қала аумағын таза әрі қауіпсіз ұстау – ортақ міндет.









