КҮНДІЗ ДЕ, ТҮНДЕ ДЕ КӨРЕДІ: ПАТРУЛЬДІК КӨЛІКТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

    КҮНДІЗ ДЕ, ТҮНДЕ ДЕ КӨРЕДІ: ПАТРУЛЬДІК КӨЛІКТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

    Жыл басынан бері Абай облысының жолдарында 75 адам қаза тапты. Апаттардың алдын алу үшін полиция автоматты және мобильді фото-бейнетіркеу жүйелерін қолдануда.

    Патрульдік көліктерге орнатылған 12 «EKIN Patrol G2» кешені қала сыртындағы тасжолдарды бақылайды. Олардың көмегімен 35 432 құқық бұзушылық тіркелді.

    Жүйенің мүмкіндіктері:

    тоғыз камера және шамамен 360° шолу;
    мемлекеттік нөмірлерді тану;
    бес жолаққа дейін жылдамдықты өлшеу;
    қозғалыста және тоқтап тұрғанда жұмыс істеу;
    инфрақызыл датчиктер арқылы түнде түсіру.

    28 маусымнан бастап бес «SERGEK PATROL BOX» кешені іске қосылып, 2 675 құқық бұзушылықты тіркеді.

    Жалпы, жыл басынан бері автоматты және мобильді жүйелер арқылы 193 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.

    Технологияның басты мақсаты — айыппұл салу емес, қауіпті әрекеттердің алдын алып, адам өмірін сақтау.

    Жылдамдықты асырмаңыз. Қауіпті басып озудан аулақ болыңыз. Телефонға алаңдамаңыз. Жол қателікті кешірмейді!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары