Семейде автотұрақтағы орынға байланысты дау туындап, әйел асфальтқа жазу жазғаны үшін жауапкершілікке тартылды

    Семейде автотұрақтағы орынға байланысты дау туындап, әйел асфальтқа жазу жазғаны үшін жауапкершілікке тартылды

    Қарағайлы шағын ауданында белгісіз адам көпқабатты үйлердің бірінің маңындағы автотұраққа бояумен «Автотұрақтағы орынды иеленбеңіз» деген жазу қалдырған. Бояу жақын жерде тұрған көлікке де тиіп, оның иесі полицияға жүгінген.

    Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында полиция қызметкерлері жазудың 25 қыркүйекте сағат 02:26 шамасында жазылғанын анықтады. Әйелдің жеке басы анықталып, оның 40 жастағы қала тұрғыны Алма Жұматайқызы Сарбасова екені белгілі болды.

    Құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ортақ пайдаланылатын орындарды қорлағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Өз әрекетінің салдарын ол өз бетінше жойған.

    Абай облысы Полиция департаменті автотұрақ орындарына байланысты келіспеушіліктерді заңды жолмен шешу қажеттігін еске салады. Мұндай даулар қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзгенің мүлкіне зиян келтіруге негіз болмайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары