Полицияның ақылды көмекшілері: «Сергек» жүйесі Семейде 123 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеді

    Полицияның ақылды көмекшілері: «Сергек» жүйесі Семейде 123 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеді

    Жыл басынан бері Семей қаласында «Сергек» жүйелері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 123 693 дерегін тіркеді. Қалада 919 бейнебақылау камерасын қамтитын 130 фото және бейнефиксация кешені жұмыс істейді.

    Камералар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Олардың назарынан «соңғы сәтте үлгеріп қалуға» тырысатын қауіпті әрекеттер де тыс қалмайды — мысалы, бағдаршамның тыйым салатын сигналы жанғаннан кейін қиылыстан өту.

    Ақылды көмекшілердің мүмкіндіктері жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеумен ғана шектелмейді. Олардың көмегімен полицейлер ұрланған көліктердің орналасқан жерін анықтайды, көлікті мас күйінде басқару фактілерінің жолын кеседі және көлік ұрлығына күдіктілерді ұстайды.

    Бейнежазбалар жол-көлік оқиғаларының мән-жайын қалпына келтіруге, жаяу жүргіншіні қағып кеткен және оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушілерді анықтауға да көмектеседі.

    Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады: әрбір қауіпті маневрдің артында біреудің өмірі тұр. Камералар жолдағы барлық адамның қауіпсіздігі үшін қажет.

    Ережені сақтаңыз. Өзіңізді және айналаңыздағыларды қорғаңыз

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары