Ақтауда «Береке Fest» республикалық акциясы өтті

    ·
    Ақтауда «Береке Fest» республикалық акциясы өтті

    Халықтық Конституцияның күшіне енуіне орай елімізде «Береке Fest» республикалық акциясы өтті. Ауқымды әлеуметтік жоба халықты қолжетімді бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталды.

    Акция аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі ірі сауда желілерінде арнайы «Береке Fest» аймақтары ұйымдастырылып, тұрғындарға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері мен өзге де тауарлар жеңілдетілген бағамен ұсынылды.

    Ақтау қаласында акцияға «Анвар», «Дина», «Дана» және «Altyn Food» сауда желілері белсенді қатысты. Акция барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен күнделікті тұтынатын тауарларға 5-тен 30%-ға дейінгі жеңілдіктер қолданылды.

    – «Береке Fest» республикалық акциясының негізгі мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қолжетімділігін арттыру, бағаны тұрақтандыру және отандық өнім өндірушілерді қолдау. Ақтау қаласының тұрғындары акция аясында қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Акция 7 шілдеге дейін жалғасады, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары