Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім саласының ардагерлері!

    Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім саласының ардагерлері!

    Сіздерді 5 қазан — Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Ұстаз - ұлт шамшырағы. Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың болашағына бағыт-бағдар көрсететін, қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосатын қадірлі маман. Ұстаздың еңбегі – шәкірт жүрегіне жол тауып, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін үлкен жауапкершілік пен зор құрметке ие қызмет.

    Бүгінде Ақтау қаласының білім беру саласының дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі ерекше бағалауға лайық. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, ізденістеріңіз бен шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыз – білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз бен шәкірттеріңіздің жеңістері – ортақ мерейіміз.

    Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және толағай еңбек жемісін тілеймін.

    Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының берік негізі. Ұстазға деген құрметіміз әрдайым биік болсын!

    Құрметпен,
    Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары