Ақтау қаласының әкімі су және жылу нысандарының жұмысымен танысты

    Ақтау қаласының әкімі су және жылу нысандарының жұмысымен танысты

    Бүгін, 1 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш бірқатар су және жылу нысандарын аралады. Қала басшысы алдымен тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ауыз су өндіретін «Каспий» су тұщыту зауытына барды.

    Кәсіпорын Каспий теңізінің суын тұщыту арқылы Ақтау қаласы, Мұнайлы және Қарақия аудандарындағы 200 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етеді.

    – Зауыттың қала халқы үшін маңызы зор. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет. Өз тарапымыздан барлық қолдауларға дайынбыз, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.

    Бүгінде қала аумағында әкімдік теңгерімінде 11 жылу қазандығы, сондай-ақ «Каспий жылу, су арнасы» МКК теңгерімінде 9 блокты-модульдік және жеке қазандық жұмыс істейді. Мақсат Мұқаш жұмыс сапары барысында аталған жылу нысандарының бірқатарына барып, олардың жұмыс барысымен танысты.

    Қала әкімі жүрмелі жиын барысында жауапты тұлғаларға қазандықтардың жылу беру маусымына дайындығын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырып, тиісті міндеттер жүктеді.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары