Құрметті ардагерлер! Қадірменді қариялар!

    Құрметті ардагерлер! Қадірменді қариялар!

    Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл күн – өмір жолы өнегеге, еңбегі ел тарихына айналған аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптейтін ерекше мереке. Үлкендердің ақылы мен өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.

    Бүгінде Ақтау қаласының дамуына өз еңбегімен үлес қосқан аға буын өкілдерінің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, елге деген адал қызметтеріңіз бен өмірлік ұстанымдарыңыз жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып келеді.

    Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әр шаңырақта сыйластық пен жылулық орнап, балаларыңыз бен немерелеріңіздің қуанышын көріп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!

    Аға буынға деген құрметіміз әрдайым биік болсын!

    Құрметпен, Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары