ТАЗАЛЫҚ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    ТАЗАЛЫҚ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Созақ ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
    Осыған орай, аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ Шолаққорған ауылында рейдтік іс-шара өткізді. Рейдке тиісті мекемелердің мамандары, полиция қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер қатысты.
    Іс-шара барысында көше бойлары, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің маңындағы тазалық жағдайы зерделенді. Сондай-ақ, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастаған тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, ескерту берілді. Мамандар мұндай құқық бұзушылықтар қайталанған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатынын жеткізді.
    Айта кету керек, 1 шілдеден бастап әрбір тұрғын өз үйінің ауласы мен іргелес аумағының тазалығын тұрақты түрде сақтауы тиіс. Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
    Тазалық – туған жерге деген жанашырлықтың, мәдениеттілік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сондықтан аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқысты белгіленген орындарға шығаруға және туған өлкеміздің тазалығын бірге сақтауға шақырамыз.
    Тазалықты өзімізден бастайық!

    Ұқсас материалдар

    "Созақ ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары