
Мерекелік шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен жастар қатысып, елорда мерекесінің қуанышын бірге бөлісті. Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Астана – тәуелсіз Қазақстанның айбынын асқақтатып, әлемге танылған заманауи қала. Бүгінде ол мемлекетіміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретінде ел дамуының жарқын символына айналып отыр. Елордамыздың әрбір жетістігі – Тәуелсіздігіміздің жемісі, халқымыздың бірлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Шара барысында Астананың қалыптасу жолы мен ел дамуындағы тарихи маңызы кеңінен насихатталып, Отанға деген сүйіспеншілік пен елдік құндылықтарды дәріптейтін мазмұнды бағдарламалар ұсынылды.
Астана күні – барша қазақстандықтарды ортақ мақсат пен жарқын болашақ жолында біріктіретін ерекше мереке. Еліміздің жүрегі – Астанамыздың мерейі үстем болып, Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы жетістіктері еселене берсін!









