Жаңаөзенде Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік концерт өтті
Жаңаөзенде Астана күні және Ұлттық Домбыра күні мерекесіне арналған «Саундтрек әлем әуендері» атты «Халықтық ұлт-аспаптар» оркестрінің ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеш барысында әлемге әйгілі кинофильмдер мен танымал туындылардың саундтректері қазақтың ұлттық аспаптарының әсем үнімен ерекше өңдеуде шырқалды.
Көрермендер Астана күнін және Домбыра күнін әсем әуенмен бірге қарсы алып, ашық аспан астындағы ерекше музыкалық кештің бір бөлшегі болды.




