Түпқарағанда Ұлттық домбыра күні жоғары деңгейде аталып өтті

    ·

    Түпқарағанда Ұлттық домбыра күні жоғары деңгейде аталып өтті

    Ұлттық домбыра күніне орай Форт-Шевченко қаласының теңіз жағажайында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

    Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа Ата заңымыздың заңды күшіне енуі аясында ұлттық мәдени мұрамызды ұлықтауға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Мерекелік сахнада аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің, сондай-ақ Мұрын жырау атындағы өнер мектебінің дарынды өнерпаздары өнер көрсетті. Талантты музыканттар мен жас орындаушылар халықтың сүйікті әндері мен күйлерін күмбірлетіп, теңіз жағасында халыққа ғажайып рухани атмосфера сыйлады.

    Көрермен назарына ұлы композиторлардың классикалық туындыларымен қатар, заманауи бағыттағы шығармалар да ұсынылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары