Маңғыстау ауданында домбыраның күмбірі мен елдіктің үні тоғысқан мереке аталып өтті
Маңғыстау ауданында қасиетті қара домбыраның күмбірі мен елдік рухтың асқақ үні тоғысқан тағылымды мереке аталып өтті, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық Домбыра күніне және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай ұйымдастырылған «Домбыра – ұлттың үні» мерекелік концертке келген тұрғындар ұлттық өнердің нәрімен сусындады.
Домбыра – қазақтың жаны, халқымыздың тарихы мен тағдырын, қуанышы мен мұңын, елдік рухын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан киелі мұра. Қос ішектен төгілген әрбір күй – ұлы даланың үні, бабалардың аманаты.
«Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен ел бірлігін нығайту – баршамызға ортақ міндет. Ал жаңа Конституция – мемлекетіміздің дамуына тың серпін беріп, әділетті қоғам құруға бастайтын берік құқықтық негіз»,- делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.




