Мұнайлы ауданында мал иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

    ·
    Мұнайлы ауданында мал иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімнің профилактикалық кабинетінде мал шаруашылығы иелерімен тұрақты түрде түсіндіру-профилактикалық кездесулер өткізуде.

    Кездесу барысында азаматтарға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабында көзделген талаптар түсіндіріліп, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын сақтау, малды қараусыз жібермеу, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша заң талаптары кеңінен түсіндірілді.

    Полиция қызметкерлері мал иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға, өздеріне тиесілі малға жауапкершілікпен қарауға, жануарларды қараусыз қалдырмауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырады.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары