
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында 2026 жылғы 1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында Абай облысында «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың, киберқылмыстардың және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Полиция азаматтарды интернет кеңістігінде қырағылық танытуға, жеке деректерін, банк карталарының реквизиттерін, SMS-кодтары мен өзге де құпия ақпараттарын бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тексерілмеген ақпарат көздеріне сенбеуге шақырады.
Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе күмәнді жағдайларға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Қауіпсіздік – өзіңізден басталады!








