Азаматтарды қабылдау өткізілді

    Азаматтарды қабылдау өткізілді

    Әділет департаменті өкілдерінің, сондай-ақ адвокат пен жеке сот орындаушысының қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді.

    Іс-шара барысында азаматтарға сот орындаушылық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелерді қоса алғанда өзекті сұрақтар бойынша тегін құқықтық көмек пен кеңес берілді.

    Әділет департаментінің өкілдері қолданыстағы заңнама нормаларын және уәкілетті органдарға жүгіну тәртібін түсіндірді.

    Cонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірмелер берілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық дауларды шешу тетіктері бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

    Азаматтарға қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қажетті құқықтық түсіндірулер жасалды.


    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары