АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

    АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

    Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №1 қалалық емханада тұрғындарға арналған «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.

    Акцияға Әділет департаментінің өкілі, заң консультанты және жеке сот орындаушы қатысты.

    Іс-шара барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, азаматтардың сұрақтарына түсініктемелер ұсынылды. Сонымен қатар, құқықтарын қорғау, атқарушылық іс жүргізу және заңнама талаптары бойынша ақпарат берілді.

    Осындай іс-шаралар халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін арттырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары