ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ӨТКІЗІЛДІ
Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің мамандары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен құқықтық консультациялар өткізді.
Іс-шара барысында АХАЖ қызметін көрсету, апостиль қою, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу салаларында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу аясында мамандар өзара пікір алмасып, қызмет көрсету барысында кездесетін мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, оларды шешу жолдарын қарастырды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, заңнама талаптарын дұрыс қолдануға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









