БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде студенттерге арналған «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында Департамент басшысы Тасыбаева Алия Әнесқызы студенттермен кездесіп, құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Сонымен қатар жастарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңыздылығын түсіндірді.

    Кездесу барысында «Адал азамат» тұжырымдамасына ерекше назар аударылды. Алия Әнесқызы жастарды адалдықты ту етіп, әділдік пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымға айналдыруға, заңды құрметтеуге және қоғам игілігіне қызмет ететін саналы азамат болуға шақырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары