368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Қарағандыда WorldSkills Karaganda – 2026 өңірлік чемпионатының қорытындысы шығарылып, үздік жас мамандар марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Оқушылар сарайында өтті. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан өңір колледждерінің 165 студенті көрінді. Тағы 43 қатысушы кәсіби шеберлігі үшін медальондарға ие болды. Үздіктерге 25 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар табысталды.

    Чемпионат Қарағанды облысында 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол колледж студенттерінің кәсіби шеберлігін танытатын басты алаңдардың біріне айналды. Жыл сайын жарыстың ауқымы кеңейіп келеді: өткен жылы қатысушылар 46 құзырет бойынша сынға түссе, биыл олардың саны 56-ға жетті.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    18–22 мамыр аралығында 17 колледж бен құзыреттер орталығының базасында өңірдегі 46 кәсіптік оқу орнынан келген 368 студент бақ сынады. Биыл алғаш рет таныстырылым форматында төрт жаңа құзырет ұсынылды: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру», «Су шаруашылығы технологиялары», «Цифрлық құрылыс» және «Цифрлық модельдеу». Келесі жылдан бастап олар чемпионаттың ресми байқау бағыттарының қатарына енгізіледі.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Қатысушылардың жұмыстарын жұмыс берушілердің өкілдері мен тәуелсіз мамандар қатарындағы сертификатталған сарапшылар бағалады.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Татьяна Нартованың айтуынша, чемпионатты ұйымдастыруға әлеуметтік серіктестер белсенді қолдау көрсеткен.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Мәселен, өрт сөндіру бөлімі болашақ құтқарушылар арасындағы жарыстарды өткізу үшін өз полигонын ұсынған. Ал жұмыс берушілер қажетті жабдықтар мен шығыс материалдарымен қамтамасыз еткен.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Облыстық білім басқармасының басшысы Дулат Жекебаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, чемпионатты өткізуге қолдау білдірген әлеуметтік серіктестерге алғыс айтты.

    – Өткен жылы Қарағанды облысы республика бойынша жалпыкомандалық есепте үшінші орын алып, бес алтын және жеті күміс медаль, сондай-ақ 14 медальон жеңіп алды. Биыл да студенттеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық кезеңге жолдама алады деп сенемін. Біздің өңір – өнеркәсіптік аймақ, сондықтан білікті жұмысшы кадрларға сұраныс өте жоғары, – деді ол.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    «Электромонтаж жұмыстары» құзыреті бойынша Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті Мирас Сабитұлы бірінші орын иеленді.

    – WorldSkills чемпионатына алғаш рет қатыстым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, бәсекелестік өте жоғары болды. Дайындық пен қолдау көрсеткен оқытушыларыма алғысымды білдіремін. Байқау тапсырмасы бойынша пәтерге арналған ақылды климат-бақылау жүйесін құрастырдық. Енді республикалық чемпионатқа дайындықты бастаймыз. Негізгі мақсат – лайықты өнер көрсету, – деді жеңімпаз.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Қарағанды жоғары инжиниринг колледжінің бірінші курс студенті Дәмелі Азамат «Флористика» құзыреті бойынша үздік атанды.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    – Бұл өте әдемі мамандық, сырт көзге бәрі оңай әрі қарапайым көрінуі мүмкін. Алайда флористикада көп нәрсені білу және меңгеру қажет. Істің қыр-сырын үйретіп жүрген ұстаздарыма үлкен рақмет! Байқау тапсырмасы бойынша қаңқа негізінде гүл шоғын құрастырып, Ұлы даланың бейнесі мен Қазақстан табиғатының сұлулығын көрсету керек болды. Инсталляция жасау үшін әртүрлі гүлдер мен қамысты пайдаландым. WorldSkills чемпионатына алғаш рет қатысып, баға жетпес тәжірибе жинадым. Астанаға жаңа күш-жігермен барып, жеңіске жеткім келеді, – деді студент.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Чемпионат қорытындысы бойынша өңір колледждерінің рейтингі жасалды.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Бірінші орынды Теміртау жоғары политехникалық колледжі мен Қарағанды жоғары политехникалық колледжі өзара бөлісті.

    Үздік үштікке сондай-ақ Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі мен Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі енді.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Енді чемпионат жеңімпаздары WorldSkills Kazakhstan – 2026 республикалық чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғайды.

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    368 қатысушы, 56 құзырет: Қарағандыда WorldSkills-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары