Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

    Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

    Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолда барынша сақ болуға шақырады.

    Өңірде жаңбыр аралас қар жауып, көріну қашықтығы төмендеуі және жолдардың тайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұлғайту және қауіпті маневрлерден бас тарту ұсынылады.

    Алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын алдын ала нақтылап, көліктің техникалық жарамдылығын тексеру қажет.

    Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары