
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі – 2026» республикалық сырттай байқауында Ақтөбе облысының педагогтері екі номинация бойынша жеңімпаз атанды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ұйымдастырған республикалық конкурстың II қорытынды кезеңінде өңіріміздің екі өкілі жүлделі І орынға ие болды.
Жайсан Медетқызы Ибадуллаева – Ақтөбе қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің психологі. Ол «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Гүлім Әлібекқызы Төлепбергенова – «Ақбота» арнайы балабақшасының логопеді. Ол «Арнайы балабақшаның үздік педагогі» номинациясы бойынша І орын иеленді.








